Әділ Бекетаев: "Әзірге соғылған гол аз, бiрақ жігіттер жақсы өнер көрсетіп жатыр" - Шайба.kz
menu
KHL.SHAIBA.KZ
perm_identity
arrow_back
Страница
Все новости

Әділ Бекетаев: "Әзірге соғылған гол аз, бiрақ жігіттер жақсы өнер көрсетіп жатыр"

12 августа 2023 года, 00:58
visibility 1236
comment 12
В избранное
Әділ Бекетаев: "Әзірге соғылған гол аз, бiрақ жігіттер жақсы өнер көрсетіп жатыр"

Жазда иығына ота жасатқан "Барыс" хоккей клубының қорғаушысы Әділ Бекетаев әлі де оңалту процесінен өтіп, жеке жаттығу жүргізіп жатыр. Қорғаушы BasSport.kz тілшісіне команданың Қазанда TANECO Кубогы аясында өткізген екі матчы туралы ойын айтты.

- Жазғы хоккей. Десе де, жігіттер жақсы өнер көрсетіп жатыр. Қорғаныстағы ойын ойдағыдай жүріп жатыр. Әрине, әзірге соғылған гол аз. Дегенмен, кем құрамдағы ойынға құрылған жоспар жүзеге асып жатыр. Жөндеуіміз керек біраз дүние бар. Жазғы турнирлер осы үшін де қажет қой.

- Екінші матч қатарынан артық құрамда гол соқтық. Оқу-жаттығу жиындары кезінде сан басымдығы мен кем құрамдағы ойынға қатысты қандай жұмыстар атқарылды?

- Әрине, мұндай компонеттермен жұмыс жүргізіліп жатыр. Бірақ оларға айтарлықтай көп көңіл бөлінді деп айта алмаймын. Себебі, жігіттер жалпы физикалық белсенділікті жақсартуға еңбектенді және артық-кем құрамдағы ойындарға арналған белгілі бір тактикалар да құрылды.

- Қазандағы турнирде жас қазақ хоккейшілері ойнап жатыр.

- Иә, олар жанкүйерлерге арнап өткізілген екіжақты матчта өздерін жақсы қырынан танытты. Әлихан Өмірбеков қатарынан екінші матчта жоғары деңгейде ойнады. Мәди Диханбек бүгін дебюттік ойынын өткізді, қиын болғаны түсінікті. Бірақ мұның бәрі тәжірибе. Алдағы уақытта бәріміз бір командада ойнаймыз деп сенемін.

- Жаңа маусымда кіммен жұп болып өнер көрсеткіңіз келеді?

- Алекс Грантпен бірге ойнаған ұнайды. Тәжірибелі ойыншы болғандықтан, өзінің бар білгенімен бөліседі. Мұз айдынына Алекспен бірге шыққанда, ішіңде бір сенімділік болады. Бірақ, қорғаныста Сэммен (Самат Данияр - ред.) не Мәдимен бірге ойнасақ та, қарсы емеспін. Себебі Саматпен әлем чемпионатында айтарлықтай жақсы өнер көрсеттік. Қазір, ең бастысы - отадан кейін толық қалпыма келу және жаңа маусымда жарқын жеңістерге қол жеткізуге ұмтылу. Өткен маусыммен салыстырғанда, көбірек жеңіске жеткім келеді.

Источник: Bas Sport
Комментарии загружаются
сегодня
вчера
19 ноября
18 ноября
17 ноября